Елімізде қай мамандар басқаларға қарағанда көп жалақы алады

(0 Votes)

Электронды еңбек биржасының сарапшылары әртүрлі бос жұмыс орнына жұмыс берушілер қандай жалақы ұсынатыны туралы мәлімет берді.

Мамыр айында Электронды еңбек биржасы порталында 82,4 мың бос жұмыс орны мен 45,7 мың түйіндеме жарияланған. Өткен аймен салыстырғанда бос жұмыс орындарының саны 9,8%, ал түйіндемелердің саны 23,2% азайды.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, жұмыс берушілердің ең жоғары белсенділігі Нұр-Сұлтанда (10,2%), Алматыда (9,4%) және Қарағанды ​​облысында (10,5%) тіркелді.

Қарастырылып отырған аймақтарда сұранысы жоғары жұмысшылар қатарында біліктілігі төмен және орта мамандар бар. Бұл ретте ірі қалалардағы мамандықтарға сұраныс шамамен бірдей.

Мысалы, Нұр-Сұлтан мен Алматыда ең көп бос жұмыс орындары:

асхана жұмысшылары,

күзетшілер,

сатушы және кассирлер,

медбикелер/мейіргерлер,

тәрбиешілер мен олардың көмекшілері,

аспаздар.

Сонымен қатар талданған кезеңде өтініш берушілер арасындағы белсенділік барлық дерлік облыста төмендеді. Ең көп төмендеу Шымкентте (-39%), Түркістанда (-36%), Батыс Қазақстанда (-33,6%) және Шығыс Қазақстан (-32,5%) аудандарында.

Жұмыс іздеген ең белсенді үміткерлер Түркістан (жалпы түйіндемелердің 12,6%) және Алматы (11,5%) облыстарында тіркелді.

Мамыр айында дыбыс инженерлері – 5 миллион теңгеге жуық, университет оқытушылары – 2 миллион теңге, кондукторлар – 1 миллион теңге, инженер-конструкторлар мен техникалық директорлар – 840 мың теңге ең жоғары жалақыны талап еткен. Бұл ретте мемлекеттік қызметкерлердің кейбір санаттары, жөндеу учаскелерінің бригадирлері, құрылыс учаскелерінің басшылары, жылжымайтын мүлік агенттері, сатып алу-сату жөніндегі менеджерлер, бас құрылысшылар, мемлекеттік әкімшілік қызметшілер, экономистер еңбек нарығында жоғары ақы төленетін мамандықтардың қатарына жатады. Аймақтарға бөлетін болсақ, ең жоғары жалақы Нұр-Сұлтан (орта есеппен – 900 мың теңге), Батыс Қазақстан (900 мың теңге) және Маңғыстау (800 мың теңге) облыстарында ұсынылған.Электрондық еңбек биржасының баспасөз қызметі

 

 

Соңғы жаңалықтар

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Фотогалерея

Референдум

referendum-banner-1

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

logotype

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.


Яндекс.Метрика