Елімізде 5-9 сынып оқушылары үшін «Тіршілік қауіпсіздігі» тақырыбындағы модуль енгізіледі

(0 Votes)

Елімізде 5-9 сынып оқушылары үшін «Тіршілік қауіпсіздігі» тақырыбындағы модуль енгізіледі. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Жолдас Батырхан айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспардың 9 бағыты Оқу-ағарту министрлігіне қатысты. Оның алтауын қоса орындаушы болсақ, үш бағытта негізгі орындаушы саналамыз. Біз балаларды салауатты өмір салтын ұстануға, зиянды әдеттерден ада болуға үйрету үшін тәрбие жұмыстарын күшейтуді жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар жоспардың 42-тармағында 2024 жылдың 1 жартысына дейін «Жаһандық құзіреттер» деп аталатын курстардың құрамына «Тіршілік қауіпсіздігі» тақырыбында үлкен модуль енгізуді жоспарладық. Яғни, онымен 5-9 сыныптың оқушылары қамтылады. Бұл тақырыптарды министрлікке қарасты Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім беру академиясы әзірледі. Қазір келісім сатысында. Аталған жүйе іске қосылған кезде 5-9 сыныпта оқитын 1,6 млн-нан астам оқушы осы модульмен қамтылып, тиісті білім алатын болады», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.

Оның атап өтуінше, 5-сыныпта «Менің денсаулығым менің қолымда», 6-сыныпта «Денсаулық пен сұлулықтың құпияларының сыры неде?», «Мен қандай ас тұтынамын?», «Мен неден тартынуым керек?» деген сынды балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес бірнеше тақырып қамтылады.

«Қазіргі таңда оқушымен қатар тиісті білім мен дағдыларды үйрететін педагогтарымыздың да білімін жетілдіріп отыруға тиіспіз. Осы бағытта арнайы бағдарлама бекіттік. Білім беру ұйымдары басшыларының орынбасарлары, мектеп психологтары мен сынып жетекшілеріне арналған оқыту курстары басталды. Алдағы 3 жылда Оқу-ағарту министрлігіне қарасты барлық білім беру ұйымдарында 35 мыңға жуық педагог білімін жетілдіреді», - Жолдас Батырхан

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521