Елбасы астананы ауыстыруға қатысты не деді?

(0 Votes)

Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев астананы Түркістан қаласына ауыстыруға қатысты пікір білдірді.

«Ол әңгіменің негізі жоқ. Ой айтудың да жөні бар ғой. Әсіресе, сол жақта тұратын, Түркістанның жағдайын білетін адамдар солай ойлайтын шығар. Әрине, тарихы терең. Бұл жерге Қожа Ахмет Ясауи келіп, мұсылмандықты уағыздап кеткен. Түркі тектес халықтар мұсылмандыққа ден қойды. Сондықтан олардың бәрі сыйлайды, жақсы көреді. Әсіресе, Түркиядан келіп, көргісі келетіндер көп», – деді Назарбаев «Түркістан: көне мен келешек көпірі» деректі фильмінде.

Елбасының пайымынша, түркі дүниесінің Түркістанды ерекше құрметтеуі «ел астанасы болса екен» деген ойларға жетелеуі мүмкін.

«Бірақ біз астанамызда ары қарай ұлғайтамыз. 200 мыңдай адам тұрған бұрынғы Ақмола қазір 1 миллион 200 мың тұрғыны бар шаһарға айналды. Нұр-Сұлтан деген атау берілді. Оны мен ұсынбадым. Бірақ қарсы да болмадым. Себебі астананың әрбір тасы, әрбір ғимараты менің нұсқауыммен салынды. Сондықтан біз қаламызды одан әрі дамытамыз», –  деп түйіндеді Назарбаев.

«Спутник Қазақстан»

https://atr.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521