Ел үмітін ақтайтын үміткерді таңдайық!

(2 Votes)

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев былтырғы «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» Жолдауында қоғамдық пікір сауалнамалары ауыл әкімдерінің сайлау арқылы қызметке келуіне қатысты сұраныстың артқанын көрсетіп отырғандығын, енді бұл мәселені кейінге қалдыруға болмайтынын және 2021 жылы ауыл әкімдерін тікелей сайлауды өткізуге болатындығын айтқан еді.

Президенттің бұл бастамасы билік пен бұқараның арасын сөзсіз бір табан жақындастырады. Ауылдың тыныс-тіршілігін жақсы білетін, оз туған жеріне жаны ашитын адам билікке келсе, ауыл халқы оны қолдап отырса, ауылдарымыз одан әрі көркейе түсетініне күмән жоқ. Бұл еліміздің саяси өміріне серпіліс алып келетін қадам болады деп ойлаймын.

Ауыл әкімдерін сайлау механизмін қалыптастырып алсақ, дәл осы әдіспен болашақта аудан, облыс басшыларын да сайлайтын мүмкіндік туатынына сенім мол. Сондықтан ауыл әкімдерін сайлауға бей-жәй қарауға болмайды. Мұны саяси науқанды әділ әрі ашық өткізудің іргетасы ретінде қабылдауымыз керек. Жылыой ауданында да үгіт-насихат жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Партиялар ұсынған және өз кандидатурасын ұсынған азаматтар ел арасында абыройы бар қоғам белсенділері. Сайлау күні халық дұрыс таңдау жасайды деген ойдамыз. Өз әкімімізді өзіміз таңдауға мүмкіндік туғанда, ауылдастарымды белсенді түрде сайлауға баруға шақырамын.

Наурызбай Төлеуов, Жылыой ауданының тұрғыны, Қазақстан халық ағарту ісінің үздігі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.

 

Әлеуметтік желілеріміз

  ZERO.kz Яндекс.Метрика