Болашағы жарқын болар мемлекет дарынды жастарын қамқорлайды. Себебі, ел ертеңі солардың қолында. Өсіп-өркендеуіміз оларға жасалған қолдауға байланысты.
Күні кеше ғана Президентіміз халықаралық жарыстарда топ жарып, алтын, күміс және қола медаль иеленген жастарға 1500, 1000 және 500 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде қаржылай сыйақы сертификаттарын салтанатты түрде табыстады. Мемлекетіміз халықаралық сайыстарда ел абыройын асқақтатқандарға лайықты құрмет көрсетті. Бұл аз қаражат емес. 1500 айлық есептік көрсеткіш 5 миллион 898 мың теңге. Ел ертеңіне салынған инвестиция дарынды жастарға шалқар шабыт, биікке талпыныс сыйлары анық. Олардың көрсетілген сенімді ақтары анық. Осындай жастарымыздың қатары арта берсін! Жастарға қамқорлық таныту жағынан біз көп елдерден оқ бойы озық тұрмыз.
Қанат Ғүмаров