Экологиялық проблемаларды шешу үшін бірқатар жүйелі шаралар қабылдануда

(0 Votes)

ҚР ЭГТРМ Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Зұлфұхар Жолдасов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте экологиялық түйткілдер бойынша Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау барысы жайлы баяндады. Қазақстан халқына Жолдауында Президент елдегі экологиялық проблемаларға, әсіресе ауа сапасына ерекше назар аударуды тапсырды. Бүгінгі таңда көпшілікті атмосфералық ауа мен стихиялық қоқыстар мәселесі алаңдатады. Осы проблемаларды шешу үшін министрлік бірқатар жүйелі шаралар қабылдауда.

«Елдегі экологиялық жағдайды жақсарту үшін өңірлердегі экологиялық проблемаларды кешенді шешу жөніндегі Жол карталары іске асырылды; Атмосфералық ауаның сапасын қамтамасыз ету бойынша «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасының іс-шаралары жүзеге асырылуда; Өнеркәсіптік кәсіпорындардың қызметін Экологиялық реттеу және бақылау жүргізілуде; Анықтамалықтар әзірленуде және өндірістік объектілерде ең озық қолжетімді технологиялар енгізілуде; Парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі жол картасы әзірленді; Тарихи ластануларды жою жүргізілуде; Экологиялық шиеленіс ошақтарының картасы әзірленді. Экологиялық заңнаманы жетілдіру жүзеге асырылады», - деді спикер. 

Атмосфералық ауаның ластануы бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі болып табылады. Комитет төрағасының айтуынша, Теміртау, Нұр-Сұлтан, Алматы, Актөбе, Атырау, Өскемен, Қарағанды, Балқаш, Жезқазған, Шымкент қалаларында атмосфералық ауаның жоғары ластануы орын алған. Оның басты себептері: Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында – жылу көздері, автокөлік және жеке сектор, Өскемен және Теміртау қалаларында - өнеркәсіп. Ақтобе және Атырау қалаларында – ескірген кәріз тазарту құрылғылары.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT