Жылыой ауданы Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен жастар арасында «Екі жұлдыз»атты жұптық ән байқауы өтті. ⠀
Бұл байқауда өнерлі жастар жұптасып, сахнада вокалдық қабілеттері мен шығармашылық үйлесімділіктерін көрсетті. Әр жұп ерекше дайындықпен, көрерменге әсерлі өнер сыйлап, тамаша атмосфера қалыптастырды.
Байқау нәтижесі бойынша:
🏆 Бас жүлде Надырхан Ерасыл мен Орысбаева Рысгүл
🥇 орын Әлібеков Ақылбек пен Мирова Анар
🥈 орын Сарсенханова Бағжан мен Жанжігітова Айшат
🥉 Темірбаев Аман мен Багитова Назгүл Көрермен көзайымы номинациясын Байболатова Бекдана мен Қонысбаева Айгерім иеленді. ⠀
Екі жұлдыз - жастардың жарқырап көрінетін тағы бір алаңы болды! ⠀


