Екінші дүниежүзілік соғыстың шығыны қанша?

(0 Votes)

Екінші дүниежүзілік соғысқа 61 мемлекет, дүниежүзі халқының 80 пайызы қатысқан.

Ұрыс қимылдары 40 мемлекеттің аумағын шарпыды. 110 млн адам әскерге алынған. Оның 50-55 миллионы қаза тауып, әлем елдері 4 триллион доллар көлемінде шығынға батқан. Яғни бұл – тарихтағы ең қымбат соғыс.

Aikyn.kz Екінші дүниежүзілік соғыс тарихы музейінің (АҚШ, Луизиана, Жаңа Орлеан) деректерін ұсынады.

АҚШ

Екінші дүниежүзілік соғысқа кінәлі ел Жеңіске – 75 жыл Батырға қолғанат болған қыз Американың әскери шығыны – $288 млрд. Соғыс жылдары АҚШ зауыттарында 296,1 мың ұшақ, 86,5 мың танк, 253 мың зеңбірек және 110 мың миномет өндірілген.

Германия

Әскери шығын – $212,336 млрд. Германия соғыс жылдарында 104 мың әскери ұшақ, 65,1 мың танк, 174,5 мың зеңбірек және 82 мың миномет өндірген. Кеңес Одағы Әскери шығын – $93,012 млрд. Бес жыл бедерінде кеңес зауыттары 482 мың дана қару-жарақ жасаған. Оның ішінде: 120 мың ұшақ, 90 мың танк, 360 мың зеңбірек және 300 мың миномет.

Ұлыбритания

Әскери шығын – $49,786 млрд. Экономикасын соғыс жағдайына бейімдеген

Англияда

1943 жылдың өзінде 102,6 мың ұшақ, 25,1 мың танк, 113,8 мың зеңбірек, 48,3 мың миномет шығарылған.

Жапония

Әскери шығын – $41,272 млрд. Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында Жапонияның әскери кәсіпорындары 76 320 ұшақ, 2515 танк, 165 945 әскери жүк көлігі, 380 мың зеңбірек құрастырған. Бір ескеретін нәрсе, ол кезеңде доллар бағамы қазіргіден 11 есе жоғары болған.

Еркебұлан НҰРЕКЕШ,

Aikyn.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521