«Еңбек адамына – құрмет»

(0 Votes)

«Білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы Атырау облыстық комитеті» ҚБ-нің Индер аудандық  филиалының ұйымдастырумен «Еңбек адамына – құрмет» тақырыбында кездесу өтті. Мақсат – еңбек адамын құрметтеу, олардың еңбегін бағалау және көпшілікке насихаттау. 

Шараға білім саласы мекемелерінде еңбек ететін, биыл зейнеткерлікке шығатын 37 жұмысшы маман шақырылды. Алдымен «Білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы Атырау облыстық комитеті» ҚБ-нің Индер аудандық филиалының төрағасы Қалжан Ахметова құттықтады. 

–Біз, кәсіподақ ұйымдары еңбек адамдарына құрметпен қарап, оларды қолдау мен қорғауда жұмысты жалғастыра береміз, - деді ол. 

Оларға гүл шоқтары мен ескерткіш сыйлықтар, құттықтау хат табысталса, 3 адамға Атырау шипажайына тегін жолдама берілді. Осылайша, еңбек адамына құрмет көрсетіліп, барлығы естелік суретке түсіп тарқасты. 

Ж.НАРИМАНОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT