«Еңбек адамы - елдің айнасы»

(0 Votes)

Қай кезеңде болмасын елдің дамуы, ауданның өркендеуі – қарапайым еңбек адамынан басталады.

 Махамбет ауданында да түрлі салада маңдай терін төгіп жүрген жұмысшы мамандар аз емес. Ол жандардың еңбегі көзге көп көріне бермегенімен, олардың қолтаңбасы ауданның әрбір жетістігінде бар. Әрбір салынған жолда, бой көтерген ғимаратта, игерілген алқапта, халыққа жасалған игілікте – сол еңбек адамдарының маңдай тері мен табанды еңбегі жатыр.

«Жұмысшы – жердің жүрегі» деген сөз бар. Шын мәнінде, олардың еңбегінсіз ауданымыздың дамуын елестету мүмкін емес. Жұмысшы мамандардың ерен еңбегі – болашақ ұрпаққа үлгі, ауданымыздың жарқын болашағына негіз. Махамбет ауданында еңбек етіп жүрген әрбір жұмысшыны біз құрметтейміз, олардың қажырлы еңбегін мақтан етеміз. Себебі ауданның өркендеуі – сол адал еңбекке тікелей байланысты.

Г. Сәдуақасова

Белсенді жас

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT