«Еңбек» бағдарламасы арқылы кәсібін ашқандар көбейді

(0 Votes)

" Еңбек" бағдарламасымен Атырауда 27 546 адам қамтылды" деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.​

​ 2021 жылы «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы үш бағыт бойынша жүзеге асып, жұмысқа тартылғандар мен өз кәсібін бастағандар көбейді.​ ​

Бағдарламаның бірінші бағыты бойынша 1 486 адам қысқа мерзімді оқу-курсына жолданды. Оның ішінде 600-ден аса азамат тұрақты жұмысқа орналасты. Ал, 80 адам мемлекеттік грантқа ие болып, өз кәсіптерін бастады. ​ Қысқа мерзімді оқу 35 мамандық бойынша 15 кәсіптік колледждер мен облыстағы оқу орындарында жүргізілді. ​ Бағдарламаның екінші бағыты "Жаппай кәсіпкерлікті дамытудың" «Бастау-Бизнес» жобасымен кәсіпкерлік негіздерін оқуға 1 128 адам жолдама алды. ​

Оқуды аяқтаған 938 адам өз бизнес жобаларын нәтижелі қорғады. Оның ішінен 270 адам мемлекеттік грант және 8 адам «Еңбек» бағдарламасы шеңберінде несие алып, өз істерімен айналысуда және басқа қаржыландыру көздерінен 43 адам несие мен 101 адам грант алды. ​ Жаңа бизнес-идеяларын іске асыру үшін 531 адамға 200 АЕК мөлшерінде мемлекеттік гранттар берілді. ​ Мемлекеттік грант алушылардың ішінде 184-і жастар, 84-і көп балалы аналар, 9-ы әлеуметтік ​ жағдайы төмен, ​ 7-і көп балалы, аз қамтылған отбасы мүшелері, 22-сі жұмысқа қабілеті ​ бар адамдар, 225-і жұмыссыздар. ​ ​

Бағдарламаның үшінші бағыты болып табылатын ​ ​ ​ «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту» бойынша ​ 22 879 адам қамтылды. Нәтижесінде, оның 15 374-і тұрақты жұмысқа орналасып, 7 505 адам уақытша жұмыс орындарына тартылды.​ ​ Аталған шаралардың нәтижесінде жұмыссыздық деңгейі бір қалыпта тұрақтап, 4,9 пайыз мөлшерінде сақталды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.

 

Әлеуметтік желілеріміз

  ZERO.kz Яндекс.Метрика