Досым Жұмажан Сыдиықұлын жоқтау

(0 Votes)

Жыл құсындай келіп жеткен көктемде.

Ауылға бардым сағынышпен өткенде,

Жүздесе алмай, тілдесе алмай кеткенде,

Жайсыз сезім болған еді тек менде.

Жүреміз ғой басымыз аман тұрғасын,

Уақыт таппай күйбеңге көңіл бұрғасын,

Отырмыз енді болған жайтқа сене алмай,

Мұның қалай, қайда асықтың, құрдасым!?

Не көрмедің, жұрт не десін, демесін,

Шайқадық талай бұл өмірдің кемесін,

Жастығымның куәсі өзің едің,

Ұмытпаймын өткен күннің елесін.

Өмір-өзеннің сынағы аз ба тосын-ау,

Маңдайыңнан сипамады осынау,

Енді мені кім іздейді әрдайым,

Қош бол, қош бол, айналайын досым-ау!

Өкінішсіз өмір мәнсіз, несі мұң?

Алла өзгертпес, жылағанмен шешімін.

Бақұл бол, жан бауырым, жан досым,

Жүрегімде сақталады есімің.

Жұмажаным! Дұғадамын.

P.S.: Санамда жауабы жоқ сұрақ тұр, Алматы да көңілсіз, қимастықпен жылап тұр...

Қош,қош, жан досым!

❇️ РАСПЕКОВ ЕРЛАН ТАУБАЛДЫҰЛЫ

Алматы қаласынан.

1969 жылғылар атынан.

Хиуаз ауылы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521