Әдеп кодексін сақтамаған әкім жауапкершілікке тартылды

(0 Votes)

Биылғы 19 қазанда Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысында жеті мәселе қаралды. Соның бірі – Индер ауданы Бөдене ауылдық округінің әкіміне қатысты болды, деп хабарлайды atr.kz тілшісі.

Аталған жиында лауазымды тұлғаның тарапынан заңнамада көзделген шектеулерге қарамастан, қызметтік көлікті қызметтік емес мақсаттарда пайдаланылғаны айтылды. Осыған орай, Әдеп жөніндегі кеңеспен «қатаң сөгіс» түріндегі тәртіптік жазаға тарту туралы ұсыныс енгізілді. Атап өту қажет, мемлекеттік қызметшілер өзiнiң қызметтiк жұмысын материалдық-техникалық, қаржылық және ақпараттық қамтамасыз етуге арналған құралдарды, басқа да мемлекеттiк мүлiк пен қызметтiк ақпаратты қызметтiк емес мақсаттарда пайдалануға шектеу қойылған.

Бұдан басқа, Әдеп жөніндегі кеңесте Қызылқоға ауданы әкімдігінің тәртіптік комиссиясы төрағасының, Индер ауданы Әдеп жөніндегі уәкілінің, Жер ресурстарын басқару департаменті және Агроөнеркәсіптік кешендегі Атырау облыстық аумақтық инспекциясы басшыларыныңесептері тыңдалып, тиісті ұсынымдар енгізілді. Сонымен қатар, кеңесте Департаментпен жүргізілген мемлекеттік қызметшілерінің мемлекеттік органдарға келтірген нұқсан үшін материалдық жауаптылық мәселелері бойынша талдау қорытындысы баяндалды.

Мәселен, Атырау облысы Еңбек инспекциясы басқармасының екі қызметшісінің іс әрекетінің салдарынан мемлекеттік органға нұқсан келтіріліп, кейін регресс тәртібімен қайта өндірілген. Осы секілді 4 қызметшіге қатысты бұзушылық анықталып, Департаментпен тиісті шаралар қабылданды. 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521