Даңқты тұлғалар тізімінде бар

(0 Votes)

Елбасымыздың мақаласы аудан ардагерлері тарапынан да зор ықыласқа бөленді.

Абай қазақтың қамын жеген, ұлтын өрге сүйреген тұлға. Өз заманында «бас-басына би болған өңкей қиқым» бұзған елдің сиқын түзеймін деп арыстандай арпалысып өтті. «Болыс болдым мінекей», деген уытты өлеңімен өз заманының кемшіліктерін сынап, «Интернатта оқып жүр, талай қазақ баласы», деп халқын өнер мен білім кәусарынан кеңінен суындауға шақырды. Тұңғыш Президентіміз өз мақаласында: «Өткен жылы Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев ұлы ақынның 175 жылдық мерейтойын ХХІ ғасырға қарышты қадам басқан тәуелсіз Қазақстанның бүгінгі саяси, экономикалық және мәдени жетістіктері аясында атап өту туралы шешім қабылдады. Бұл – менің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақалаларымда қойылған мақсаттарды жүзеге асырудың заңды жалғасы және Абай мұрасын заман сұраныстарына сай қайта зерделеудің маңыздылығын білдіреді», деп сабақтастықтың тіні үзілмей, еліміз ол салып кеткен сара жолдан ауытқымай келе жатырғанын әйгілеп отыр. Мақала бір жағынан сонысымен де құнды.

Сондай-ақ Елбасымыз Абайды өз дәрежесінде ұлықтауда сонау қаһарлы Кеңестер Одағы әлі тарамай тұрып, 1990 жылы халықаралық деңгейде көтергенін келтірген. Бірақ, ол кезде сөзге құлақ асатын адам табылмаған. Басты кедергі еліміздің басындағы ноқтасын шешіп тастай алмайтын бодандықтың қамытында жүргендігі. Нұрсұлтан Әбішұлы алған бағытынан таймай, Абайды дүниенің даңқты тұлғаларының тізіміне енгізіп, 150 жылдық мерейтойын халықаралық дәрежеде атап өту жөніндегі ұсыныс жасаған. ЮНЕСКО ұйымының сол уақыттағы бас директоры Федерико Майор қазақтың ұлы ойшылын сол қатарға қосып, кейіннен мерекелік салтанатты шараларға да өзі арнайы келіп қатысқан. Осының бәрі мақалада қамтылған. Кейін Абайдың түрлі дәрежедегі тойлары ерекше ықыласпен аталып өтті. Ауданымыз да одан шет қалмады. Енді міне 175 жылдығы қақпаны қағып тұр. Соның алдында Тұңғыш Президентіміздің мақаласы жарық көруін – жақсылықтың жаршысындай қабылдадым.

Жәннат Құрманғалиева,

ардагер ұстаз, ауданның Құрметті азаматы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521