Дәрі бағасын өсіргендер жауапқа тартылады

(0 Votes)

Атырау облысының әкімдігі «ФармҚауымдастық» қоғамдық бірлестігімен және Атырау облысы бойынша тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментімен меморандумға қол қойды, деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

Мұндағы мақсат - дәрілердің бағасын бақылауда ұстап, әр адамға тиесілі көлемін ғана сату. Осы жұмыстар аясында «Вердант» деп аталатын косметологиялық кабинеттің заңсыздығын әшкереленді. Аталған кеңсе лицензиясыз, елімізде тіркелмеген фармацевтикалық өнімдердің жүзден астам түрін сатып келген. Бұл туралы ӨКҚ-де өткен онлайн брифингте Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов айтты.

- Облысымызда бірнеше бақылаушы органдардан құралған мобилдік топ құрылғанын айта кетейін. Олар дәрі-дәрмектің бағасын шарықтатпауды қадағалайды. Бағаны шекті бағасынан асырғандар заң шеберінде жауапқа тартылатындығын ескертемін және оларды анықтау жұмыстары әлі де жалғасады, - деп нақтылады облыс әкімі.

Айта кетейік, атыраулықтар дәріханадағы дәрі бағасының себепсіз өсімі бойынша 8 (7122) 35 42 10 байланыс нөміріне шағым түсіре алады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.

 

Әлеуметтік желілеріміз

  ZERO.kz Яндекс.Метрика