1-желтоқсан - Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні. Осыған орай әлемде ақпараттық іс-шаралар, түрлі акциялар өткізіледі. ЖИТС-ке қарсы күресетін қоғамдық ұйымдар күш-жігерін жұмылдырады.
Елімізде де бұл күні жыл сайын белгілі бір тақырыпқа арналған іс-шаралар жоспарланған. Биылғы тақырып теңдікке арналмақ. Яғни, акция атауы «Теңдік уақыты!» деп аталады.
Теңсіздік ЖИТС пандемиясының жалғасуына әсерін тигізетіні сөзсіз. Алайда, оны жеңуге болады. Ол үшін ЖИТС-ке қарсы күреске кедергі келтіретін теңсіздіктердің алдын алу қажет. «Теңдік уақыты!» ұраны – бұл әрекетке шақыру.
Теңсіздікті және ЖИТС-ты жою үшін АИТВ-инфекциясын емдеу, тестілеу, алдын алу қызметтерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету, сапасын арттыру, әрбір адамды қажеттілермен қамту қажет. АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың, сондай-ақ халықтың осал топтарының стигматизациясы мен кемсітушілігімен күресу үшін заңдарды, процедураларды реформалау, әр адамға құрметпен қарау.
АИТВ-ға қарсы шаралар соңғы екі жылда COVID-19 пандемиясына және басқа да жаһандық дағдарыстарға байланысты баяулаған, ресурстар көлемі азайған, нәтижесінде миллиондаған адамдардың өміріне қауіп төнген.
Біз 2030 жылдың жаһандық денсаулыққа қауіп төндіретін ЖИТС-ті жою мақсатына жеткенге дейін сегіз жыл қалды. Экономикалық, әлеуметтік, мәдени және құқықтық теңсіздіктерді жойып, ЖИТС-ті жеңуге, оның таралуын тоқтатуға болады.
Атырау облыстық ЖИТС пен күрес және алдын алу орталығының директоры Қуаныш Нұрмұханов «Қазіргі уақытта Атырау облысы ЖИТС-ті тоқтату мақсатына жету жолында. АИТВ эпидемиясын тоқтату – ол әркімнің ортақ жауапкершілігі екендігін»- айтып өтті.
Атырау облысында ең алғаш рет АИТВ инфекциясы 1993 жылы тіркелді. жылдың 10 айында 61 жағдай анықталды. Оның 56-сы Қазақстан азаматы. Өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда 24 жағдайға немесе 1,8 есеге өскен. (2021 жылдың 10 айында 36, оның 32-сі Қазақстан азаматы).
АИТВ инфекциясымен тіркелгендердің арту себебі халықты тестілеу 10 пайызға өскен. Соның ішінде клиникалық көрсеткіштері бойынша тексерілгендер көрсеткіші 36 пайызға артты. Халық және халықтың түйінді топтары арасында АИТВ жұқпасы бойынша түсіндірме, алдын алу жұмыстарының жиілеуі нәтижесінде тестілеуден өтуге жолданған адам саны көбейген.
АИТВ жұқпасы 3 жолмен беріледі (жыныстық жол, иньекциялық жол, анадан балаға берілу жолы). Қазіргі уақытта жыныстық жолмен көп таралуда.
АИТВ-ның таралуын тоқтатудың бір бағыты- жанасуға дейінгі профилактика (бұдан әрі-ДКП). ДКП-бұл АИТВ-инфекциясын жұқтыру қаупі бар сау адамның арнайы вирусқа қарсы препараттарды профилактикалық қабылдауы.
ДКП-ЖИТС орталығының Достық кабинетінде (ДК) өткізілетін АИТВ-ның алдын алудың қосымша әдісі.
АИТВ инфекциясының алдын алу және анықтау мақсатында ЖИТС орталығы түрлі ағарту жұмыстарын жиі жүргізуде. АИТВ-ға зертханалық тексеру, Достастық кабинеті, Сенім бекеті тегін қызмет көрсетеді.
Сенім телефоны: 21-11-03
Атырау облыстық ЖИТС-пен күрес және алдын алу орталығының баспасөз қызметі.