COVID-19-ға қарсы вакцинаны қабылдау оразаны бұза ма?

(0 Votes)

Бұл туралы ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК жұмысы туралы шұғыл ресми Telegram каналы мәлімдеді, деп хабарлайды ATPress.kz

Санитариялық - эпидемиологиялық бақылау комитетіне қасиетті Рамазан айында ораза ұстауды жоспарлап отырған мұсылман қауымынан екпе жайында бірқатар сұрақтар келіп түсті. Олардың басым бөлігі коронавирусқа қарсы вакцинация оразаны бұзатындығына не бұзбайтындығында болып отыр.

Комитет қызметкерлері түсініктеме алу үшін мешіт қызметкерлеріне жүгінген. ⠀ Айта кетейік, биыл ораза 13 сәуірде басталып, 12 мамырға дейін жалғасады.

Мешітте егер белгілі бір заттың ас қорыту жүйесіне ауыз, мұрын сияқты табиғи саңылаулар арқылы енсе, ораза бұзылатындығын хабарлады.

Инъекциялар кезінде және коронавирустық вакцинаны енгізу аталған жағдайларға жатпайды. Сондықтан COVID-19-ға қарсы вакцинаны қабылдау оразаны бұзбайды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.

 

Әлеуметтік желілеріміз

  ZERO.kz Яндекс.Метрика