BÚRKIT және KÓSHPENDI SADAǴY коллекциялық монеталарының сатуға шығарылғаны туралы

(0 Votes)

Қазақстан Ұлттық Банкі (бұдан әрі – ҚҰБ) 2023 жылғы 24 сәуірден бастап ҚҰБ-тың kazcoins.nationalbank.kz интернет-дүкені арқылы «Көшпенділердің ғибадат жануарлары – тотемдері» монеталар сериясынан – BÚRKIT және «Дала қазынасы» монеталар сериясынан –KÓSHPENDI SADAǴY коллекциялық монеталары сатуға шығарылатынын хабарлайды.

BÚRKIT коллекциялық монеталары: – күмістен дайындалған, сынамасы 925, алтын жалатылған массасы 31,1 грамм, диаметрі 38,61 мм, диаметрі 1 мм гауһар тас орнатылған, дайындау сапасы proof, номиналы 500 теңгелік, таралымы 5 000 дана;

Номиналы 500 теңгелік күміс монетаның бейнесі

– МН 25 мельхиор қоспасынан тұрады, алтын жалатылған, массасы 15 грамм, диаметрі 33 мм, дайындау сапасы рrооf-like, номиналы 200 теңгелік, таралымы 10 000 дана;

Номиналы 200 теңгелік мельхиор қоспасынан жасалған монетаның бейнесі

– МН 25 мельхиор қоспасынан дайындалған, массасы 11,17 грамм, диаметрі 31 мм, дайындау сапасы brilliant uncirculated, номиналы 100 теңгелік, таралымы 30 000 дана. Номиналы 100 теңгелік мельхиор қоспасынан жасалған монетаның бейнесі

KÓSHPENDI SADAǴY коллекциялық монеталарында алтын жалату технологиясы қолданылған. Күмістің сынамасы 925, массасы 31,1 грамм, диаметрі 38,61 мм, дайындау сапасы proof, номиналы 500 теңгелік, таралымы 5 000 дана.

Монеталардың бейнесі Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы ала алады: +7 (7172) 77 52 10 e-mail: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript. www.nationalbank.kz

«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі»

РММ Атырау филиалының қолма-қол ақшамен

жұмыс және кассалық операциялар бөлімі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521