Бурабайда әуесқойлар челленджіне қатысушылар 3 км жүзіп өтті

(0 Votes)

Бурабай курортында жылдың ең жарқын спорттық шараларының бірі – PikeMan әуесқой жүзу-челленджі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Щучье көліне Қазақстанның әр өңірінен спортшылар мен әуесқойлар, барлығы 250-ден астам адам жиналды. Олар суда 3 км қашықтықты жүзіп өтті.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, шара Ақмола облысы әкімдігі, ҚР Президенті Іс Басқармасының «Бурабай даму» ЖШС, Спорт және мәдениет басқармасының және басқа серіктестердің қолдауының арқасында жүзеге асырылды.

Салауатты өмір салтын насихаттау, туризмді дамыту және экологиялық тұжырымдамаға назар аударуға бағытталған PikeMan әуесқой жүзу-челленджі спортшылар мен демалушылар үшін дәстүрлі жазғы жарысы. Өңірде бұқаралық спорттың бұл түріне қызығушылық танытқан адамдар саны артып келеді. Жүзу челленджіне қатысушылар мен көрермендер алған әсерімен бөлісті.

«Жарыс өте қызықты әрі көңілді болды. Қатысқаныма қуаныштымын, келер жолы міндетті түрде дайындалып келемін», - дейді шараның ең жас қатысушы 15 жастағы Семен Куляс.

Айта кетсек, кеше Бурабайда кедергілермен жүгірушілер арасында «Аqbura bay trail-3» жазғы трейл жарысы өтті.

Халықаралық жарысқа Қазақстан, Ресей, АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Франция, Испания, Оңтүстік Корея, Өзбекстан, Қырғызстан елдерден барлығы 700-ден астам спортшы қатысып, үш жас санат бойынша мықтылар анықталды.

Ережеге сай қатысушылар теңіз деңгейінен 500 метр биіктікке көтеріліп, Бурабай ағаштары мен тауларында түрлі кедергілерді еңсерді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521