Браконьерлікпен күрес күшейтілді

(2 Votes)

Қазақстанда күн сайын 3 мыңнан астам табиғат қорғаушы инспекторлар өз өмірін қауіп-қатерге тігіп, табиғатымызды, ондағы жүгірген аң мен ұшқан құсты, судағы балықты қорғайды.

Заңмен шырмалған инспекторлардың шарасыздығынан, браконьерлердің жауыздығынынан қаншама жазықсыз жануарлар жаппай қырылып жатыр. Қорықшылардың өлімінен кейін бұл мәселеге назар аударған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев браконьерлікпен күресу үшін, заңнамаға тиісті түзетулерге енгізуді Үкіметке тапсырды.

Бүгінгі таңда ҚР ҰҚК ШҚ Атырау облыстық департаменті мен қоса Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекция Орман шаруашылығы Комитетімен бірлескен жұмыстар бастап кетті. Нәтижесінде осы күнге дейін айтарлықтай заңсыз алық аулау қылмыстары тіркелді.

img-20210127-wa0039

Осы жылдың 24 қаңтарында жергілікті уақытпен 20:45 шамасында ҰҚК ШҚ Атырау облыстық департаментіне қарасты шекарылық бөлімшелердің бірінде «Урал-Каспий» каналының бойында қамыс арасына жасырылған иесіз жасыл түсті мото көлігі анықталды. Шекара нарядын басқарған аға лейтенант А.Нусиповтың жетекішілігмен мото құрылғы тексерілді. Тексеру барысында 17 кг жуық қара балық анықталды. Балық қабылдау орталығына тапсырылып келген шығын көлемі анықталды. Орталықтың шешімі бойынша мемлекетке келген шығын көлемі шамамен 64 465 теңге 7 тиынды құрайды. Атырау қаласы ІІД жедел-іздестіру тобы шақыртылып, тергеу басталып кетті.

 Еліміздің көптеген аймақтары шекара шебіне жақын орналасқан. Жергілікті тұрғындар шекара маңында жүретін қарапайым қағидаттарды ұмытып жатады. Кейбіреулері тіпті білмейді. Дегенмен шекара аймағының өзіндік режимдері бар. Яғни жағадан, теңізден мемлекеттік шекарадан 25 км аралық ішінде кез келген жан, адамның жеке басын куәландыратын құжатпен жүруі міндеттеледі. Немесе шекара рұқсаттамасымен жүруі шарт болып табылады. Осы қағидаттарды ескермеген азаматтарға Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзу кодексінің 510 бабы айыппұл салынды. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметі. Атырау облыстық департаментінің баспасөз хатшысы Аға лейтенант

АЙТӘЛІ Өмірбат

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521