Есірткі қылмысы үшін сотталған қыз өкінішін айтты
Атырау облысындағы әйелдер колониясында жазасын өтеп жатқан 20 жастағы сотталған қыз істеген ісіне өкініш білдірді. Оның айтуынша, бұрын жаман ортаға түсіп қалған. Туған-туысы жоқ — балалық шағы балалар үйінде өткен. «Қазір бостандыққа шығу үшін барымды салып жатырмын, – дейді ол.
– Жаңа өмір бастап, әрбір минутты бағалағым келеді». Сотталған қызбен үнемі психолог жұмыс істеп, оның бейімделуіне және болашаққа жоспар құруына көмектесіп келеді.


