«Болашақ» зауытындағы 55 мың адам жұмыстан босайды: Президент мәселенің қалай шешілетінін айтты

(0 Votes)

«Болашақ кеңею жобасының» аяқтала келуіне байланысты, алдағы үш жылда Атырауда нәпақасын тауып жүрген 55 мың адам жұмыстан босайды. Осы ретте Атырау облысының әкімі жұмыстан босайтын 31 мың адамды қайта еңбекпен қамтуды жоспарлап отыр» деп хабарлайды atr. kz

Бұл туралы Президент Қасым – Жомарт Тоқаев Атырау облысының әлеуметтік – экономикалық даму көрсеткіштері талқыланған онлайн кеңесте айтты.

«Болашақ кеңею жобасы» жақында аяқталады. Алдағы үш жылда 55 мың адам жұмыстан босайды. Облыс әкімі оның 31 мыңын еңбекпен қамтуды жоспарлап отыр. Бұл Атырау облысының ғана міндеті емес екенін еске саламын. 

Жоба аясында вахталық тәсілмен өзге аймақтардың тұрғындары да жұмыс істеп жүр.  Үкіметке жұмыстан босатылатын барлық жұмысшыларды біртіндеп еңбекпен қамту мәселесін пысықтауды тапсырамын» деді Президент.

Баян Жанұзақова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521