«Boeing-767» маркалы ұшағы техникалық себептерге байланысты Атырау қаласына қонды

(0 Votes)

 23 қыркүйек күні 21 сағат 35 минутта Атырау халықаралық әуежайына  №917 рейсі бойынша «Нұр-Сұлтан-Ыстамбул» бағытындағы «Boeing-767» маркалы ұшағы техникалық себептерге байланысты (жанар-жағармай жүйесінің ақаулығы) мәжбүрлі түрде қонды, деп хабарлайды Атырау облыстық ТЖД.

Ұшақ «Air Astana» әуе компаниясына тиесілі, бортта 205 жолаушы оның ішінде 5-і бала және 5 экипаж мүшесі болған.

Ұшақта болған 4 жолаушы Атырау қаласында тұратын туыстарының үйлеріне кетті,  2 жолаушы басқа ұшақпен Нұр-Сұлтан қаласына ұшып кетті, қалған 199 жолаушы «Air Astana» әуе компаниясының әкімшілігі тарапынан қарастырылған «SULO Hotel» қонақ үйіне орналастырылды.

Қазіргі уақытта ұшаққа техникалық қалыпқа келтіру және жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

24 қыркүйек күні сағат 14.00-де "Boeing-767" маркалы ұшағының Ыстамбұл қаласына ұшуы жоспарлануда.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.

 

Әлеуметтік желілеріміз

  ZERO.kz Яндекс.Метрика