Бөлшек салықтың арнаулы салық режимі

(0 Votes)

Салық кодексінің 242-бабы жаңа 3-2-тармақпен толықтырылды, ол бөлшек салықтың АСР-ін қолданатын тұлғалардан сатып алу бойынша шығыстардың сомаларын КТС бойынша шегерімдерге жатқызу Салық кодексінің 242-бабының ережелері сақталған кезде электрондық нысандағы шот-фактура немесе деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машинасының чегі және (немесе) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алушының сәйкестендіру нөмірін қамтитын арнайы мобильді қосымшаның чегі негізінде жүргізілетінін көздейді;

Салық кодексінің 412-бабының 1-тармағы бөлшек салықтың АСР қолданатын салық төлеушілердің шегерімдерді растауы үшін пайдалану мақсатында тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алушының талабы бойынша шот-фактуралар жазу міндетін көздейтін жаңа 12) тармақшамен толықтырылды;

Салық кодексінің 412-бабы 13-тармағы 1) тармақшасының төртінші жаңа абзацы сатып алушыға тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді, оның ішінде тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді осындай сатып алушының сәйкестендіру нөмірін қамтитын арнайы мобильдік қосымшаның чегін ұсынған жағдайда бөлшек салықтың АСР-ін қолданатын салық төлеушілердің шот-фактураны жазып беру жөніндегі талапты орындау қажеттілігін жояды;

Салық кодексі 77-2-тараумен толықтырылды (2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) бөлшек салықтың АСР салық төлеушілері:

- салық кезеңі үшін қызметшілердің орташа тізімдік саны 200 адамнан аспайтын;

- күнтізбелік жылдағы табысы айлық есептік көрсеткіштің 600 000 еселенген мөлшерінен аспайтын (2023 жылы – шамамен 2 млрд. теңге);

- осы режимді қолдану мақсаттары үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған қызмет түрлерінің біреуін немесе бірнешеуін ғана жүзеге асыратындар қолдануға құқылы.

Құрылтайшысы немесе қатысушысы бір мезгілде бөлшек салықтың АСР қолданатын басқа заңды тұлғаның құрылтайшысы немесе қатысушысы болып табылатын заңды тұлғалар бөлшек салықтың АСР қолдануға құқылы емес.

Бөлшек салықтың АСР қолдану кезінде КТС/ЖТС ставкілері:

- 4% Қазақстан Республикасында және одан тыс жерлерде салық кезеңі үшін алынған (алынуға жататын) барлық кірістер бойынша. Бұл ретте жергілікті өкілді органдардың бөлшек салық ставкасының мөлшерін 50% - ға, яғни 4%-дан 2%-ға дейін төмендетуге құқығы бар. Ставкі мөлшерін төмендету туралы шешімді, ол енгізілген жылдың алдындағы жылдың 1 желтоқсанынан кешіктірмей жергілікті өкілетті орган қабылдайды. Бұл ретте 2023 жылға арналған ставкі мөлшерін төмендету туралы шешімді жергілікті өкілетті орган ағымдағы жылдың 1 шілдесінен кешіктірмей қабылдауы тиіс («Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 57-17-бабына сәйкес уақытша норма).

- 8% кәсіпкерлік субъектілеріне тауарларды сатудан, жұмыстарды орындаудан, қызметтер көрсетуден алынған кірістері бойынша, шығыстарға шегерімдер сомасын құжаттамалық растау қажет болған жағдайда (сатып алушының ЖСН/БСН көрсете отырып, электрондық шот-фактура жазып немесе чек бере отырып). Бұл ставкінің мөлшерін төмендетуге жатпайды. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 7-1-баппен толықтырылды. ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қою мақсаттары үшін белгіленген ең төменгі айналымға бөлшек салықтың АСР қолданатын салық төлеушілердің айналымы енгізілмейтініне назар аударамыз.

Бұл ретте, Салық кодексінің 82-бабы 2-тармағының бірінші және екінші бөліктерінің ережелеріне қарамастан, қоғамдық тамақтану саласындағы келесі қызмет түрлерінің біреуін немесе бірнешеуін ғана жүзеге асыруына байланысты, 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 2023 жылғы 1 мамырға дейінгі кезеңде бөлшек салықтың АСР-не көшу үшін қолданылатын салық салу режимі туралы хабарлама ұсынған салық төлеушілерден ҚҚС бойынша тіркеу есебі туралы салықтық өтініш беру бойынша міндеттеме туындамайды:

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 7-2-баппен толықтырылды. Салық кодексінің 85 бабы 1-тармағының үшінші бөлігінің ережелеріне қарамастан, 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 2023 жылғы 1 мамырға дейінгі кезеңде ҚҚС төлеушілер болып табылатын және 2023 жылғы 1 мамырға дейінгі мерзімде бөлшек салықтың АСР-не көшу үшін қолданылатын салық салу режимі туралы хабарлама ұсынған салық төлеушілер ҚҚС бойынша тіркеу есебінен алу үшін көрсетілген хабарлама берілген күні ҚҚС бойынша тіркеу есебі туралы салық өтінішін ұсынады. Бұл ретте көрсетілген өтініш пен хабарламаны берген күн ҚҚС бойынша тіркеу есебінен шығарылған күн болып табылады;

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 57-15 және 57-16-баптармен толықтырылды (Салық кодексінің 679-бабына 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 2023 жылғы 1 мамырға дейінгі кезеңге толықтырулар енгізілді) ҚҚС төлеуші болып табылмайтын және 2023 жылғы 1 мамырға дейінгі мерзімде қолданылатын салық салу режимі туралы хабарлама ұсынған салық төлеушілер осы АСР қолданудың белгіленген шарттарына сәйкес болған кезде 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап бөлшек салықтың АСР қолдануға құқылы.

ҚҚС төлеушілер болып табылатын және 2023 жылғы 1 мамырға дейінгі мерзімде қолданылатын салық салу режимі туралы хабарлама ұсынғандар, осы АСР-ін қолданудың белгіленген шарттарына сәйкес, салық салудың қолданылатын режимі туралы хабарлама берілген күннен бастап бөлшек салықтың АСР-ін қолдануға құқылы.

Құрманғазы ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT