БҚО-мен шекаралас Бағырлай каналына су келді

(0 Votes)

Индер ауданында төрт суару-суландыру каналы бар. Ақсай, Бағырлай, Алғабас-Жорық, Құрайлысай каналдарының жалпы ұзындығы 302 шақырымды құрайды. Соның ішінде, ең ұзыны 105 шақырымды құрайтын Бағырлай каналы.

 «Бағырлай каналы стратегиялық маңызға ие. Себебі, бұл канал Атырау облысы мен БҚО арасының шекарасы болып есептеледі. 1994 жылы су тасқыны кезінде Бағырлай каналына үлкен су келген еді. Биыл да Батыс Қазақстан облысы территориясында судың көп болуына байланысты, шекараға үлкен су келіп тұр» дейді «Казсушар» РМК Индер өндірістік учаскесінің басшысы Сайлау Байбосынов.

Қазіргі уақытта Индер ауданында Бағырлай, Ақсай каналында жаңғырту жүріп жатыр.

Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521