Бизнесті тексерулердің негізінен жазалауға бағытталатыны байқалады – Атамекен

(0 Votes)

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары Елдар Жұмағазиев алдағы бес жылға арналған кәсіпкерлік дамытудың жаңа тұжырымдамасы ұсынылатынын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Биыл кәсіпкерлік қызметті 2020 жылға дейінгі мемлекеттік реттеу тұжырымдамасының аяқталатыны мәлім. Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік тиімді реттеуге бағытталған кейінгі жылдардағы барлық реформа осы тұжырымдамаға сәйкес жүргізілді. Дегенмен елдегі бизнесті мемлекеттік реттеуді дамытуға бағытталған жүйелі жұмыстарға қарамастан келесі мәселелер анықталып отыр. Атап айтқанда, мемлекеттік органдардың реттеушілік әсерін талдауды жүргізуге бейтарап көзқарастың сақталуы, кейбір реттеуші органдардың бизнесті бақылау жүктемесін шамадан тыс арттыруы, тексерулердің негізінен жазалауға бағытталатыны байқалады», - деді Елдар Жұмағазиев Үкімет отырысында.

Оның айтуынша заңнамалық реттеуге қарамастан ақпараттық талаптардың, әртүрлі есеп берулердің, бизнес субъектілерінің көпшілігіне кең таралуы, заңнамадағы нормаларға қарамастан өзін-өзі реттеу салаларының нашар дамуы да сезілген.

«Осыған байланысты алдағы бес жылға кәсіпкерлік дамытудың жаңа тұжырымдамасы ұсынылады. Жаңа тұжырымдама тек реттеу мәселелерімен шектеліп қалмай, кәсіпкерлікті дамыту мен қолдау тетіктерін қамту керек деп есептейміз. Жаңа тұжырымдаманы әзірлеуге дайын екенімізді айтқым келеді», - деді ол.

Еске сала кетсек, бүгінгі Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов Қазақстанда бизнес-климатты жақсарту реформаларының 8-топтамасы қабылданатынын жеткізген еді. Өз кезегінде Үкімет басшысы Асқар Мамин Ұлттық экономика министрлігіне 1 шілдеге дейін «Бизнеске арналған Үкімет» жобасын іске қосуды тапсырған болатын.

inform.kz

COVID 19

covid

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Бейнебаян жаңалығы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21