Биыл өңірдің 48 гектар жеріне 86 мыңнан астам тал егілген

(0 Votes)

«Бұл туралы Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің жетекшілігмен өткен жиында Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Нұрлан Жантоқов мәлімдеді»,-деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Жиында аймақ басшысы қоршаған ортаны қорғау, экологиялық даму – тұтас еліміз үшін алдыңғы кезекте тұрған мәселе екенін баса айтты.

«Мемлекет басшысы өз Жолдауында 5 жыл ішінде орман қорында 2 миллиардтан астам және елді мекендерде 15 мллионнан астам ағаш отырғызуды қамтамасыз етуді тапсырды. Бұл өз кезегінде өңіріміздегі көгалдандыру ауқымын кеңейтуге септігін тигізетіні белгілі. Қазіргі таңда Экология министрлігімен бірлесіп, өңірдегі экологиялық ахуалды жақсарту бағытында зерделеу жұмыстары жүргізіліп, бірқатар кешенді шаралар қолға алынды. Жоғарыда атап өткеніміздей, біздің өңір үшін тал отырғызу, орман қорын кеңейту мәселесі өзекті»,-деді М.Досмұхамбетов.

Ал, Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Нұрлан Жантоқов өңірдегі атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. «Орман мекемелерінде, ашық далада өсірілетін тұқымбақтар бар, ол жерлерде қарағаш, шаған, үйеңкі, жиде көшеттері жергілікті табиғатымызға бейімделіп өсірілуде. 2020 жылдан бастап, Индер орман шаруашылығының тұқымбағында облысымыз бойынша бірінші рет тұқымнан сексеуіл өсіру тәжірибесі қолға алына бастады. Өңірлік жоспар бойынша 5 жыл аралығында 279 гектар аумаққа 540 мың ағаш көшеттерін отырғызу көзделген, оның 2021 жылы 48 гектарына 86320 тал егу жоспарланып, толықтай орындалды»,-деді ол.

Сонымен қатар, басқарма басшысы көгалдандыру жұмыстарына аймақтың ірі мұнай компанияларын тарту мақсатында Меморандумдар жасақталғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, Меморандумға сәйкес, көгалдандыру жұмыстары 4 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге жоспарланған. Компаниялар бөлінген учаскелерде қоршау жұмыстарын жүргізіп, әр отырғызылған учаскелерде тамшылатып суару жүйелерін орнатуда және 3 жыл бойы көшеттерді күтіп-баптап, тиісті мемлекеттік мекемелерге тапсыруына кепілдік береді. Ал, ірі компаниялардың құрамында НКОК, Атырау мұнай өңдеу зауыты, ТШО, Ембімұнайгаз мекемелері бар. Өз кезегінде, Атырау қаласының әкімі Қайрат Оразбаев 2022 жылы Атырау қаласына қарасты елді мекендер аумақтарына жалпы алғанда 40 мың дана жас көшеттерді отырғызу жоспарланып отырғанын жеткізді.

Сондай-ақ, жиында аудан әкімдері мен тал егуге жауапты компания өкілдері өз тараптарына атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады. Жиын соңында облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов жауапты тұлғаларға бірқатар тапсырма берді.

«Жасыл желекті демалыс орындары мен саябақтарды күтіп ұстау жұмыстарын ұйымдастырудың алгоритмін қайта жасақталсын. Сондай-ақ, қала және аудандар бойынша жасыл желектерді түгендеу және паспорттау жұмыстары жүзеге асырылсын. Жайық өзені бойындағы тоғайларды қалпына келтіру, күтіп ұстау жұмыстарын ерекше бақылауға алынсын»,-деді М.Досмұхамбетов.

Сонымен қатар, мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында, Атырау облысында тіркелген ірі, орта және шағын мекемелерді қамти отыра, өңірдің көгалдандыру, орман қорын молайту шараларын қарастыруды міндеттеді. Оған қоса, таза және жасыл желекті елді мекендер, аулалар қалыптастыру – экологиялық акцияларын өткізу бойынша тиісті шараларды ұйымдастыруды міндеттеді.

Айта кетейік, бүгінгі таңда облысымызда мемлекеттік орман қорының көлемі - 56,0 мың гектар болса, оның 18,0 мың гектары орманмен көмкерілген.

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

Референдум

referendum-banner-1

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

logotype

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.


Яндекс.Метрика