Биыл ауыл шаруашылық мақсатындағы 210 мың гектар жер учаскесін мемлекетке қайтару жоспарланып отыр

(0 Votes)

Бұл туралы ҚР Ауылшарушалығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы Гүлзия Құрманова мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. 

Биылға дейін жер учаскесін нысаналы мақсатқа сай игермегендерге 21 нұсқама берілген. Бұдан басқа, ҚР Жер кодексінің талаптарын сақтамағаны және ҚР заңнамасын бұза отырып пайдаланатын жер учаскелеріне департаментпен 18 нұсқама табысталған.

-ҚР Президентінің Республика бойынша ауыл шаруашылық мақсатына беріліп, игерілмей отырған жер учаскелерін мемлекетке қайтару тапсырмасына сәйкес, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитеті облыстық Жер ресурстарын басқару департаментіне өңір бойынша өткен жылы 200 мың гектар жер учаскесін қайтару тапсырмасы берілген болатын. Осы тапсырмаға сәйкес, былтыр барлығы 185 жер учаскесі қайтарылды. Олардың жалпы көлемі – 206209,90 гектарды құрайды, оның ішінде 15416 га жер учаскесі егістік үшін, 190693,90 га жайылымдық үшін және 100 га басқа мақсаттағы жер учаскелері. Ал, осы жылға облыс бойынша 210 мың гектар ауыл шаруашылық мақсатындағы жер учаскесін мемлекетке қайтару жоспарлануда,- деді Г.Құрманова.

Сондай-ақ оның айтуынша, аталған тапсырма бойынша күні бүгінде барлығы 56 жер учаскесі қайтарылған. Олардың жалпы көлемі – 17296,20 гектарды құрайды. Оның ішінде 40 га жер учаскесі егістік үшін, 16864,95 га жайылымдық үшін және 391,25 га басқа мақсаттағы жер учаскелері.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.

 

Әлеуметтік желілеріміз

  ZERO.kz Яндекс.Метрика