Биыл Атырауда Оқушылар және жастар сарайының құрылысы аяқталады

(0 Votes)

Махамбет Досмұхамбетов облыста білім беру саласында нәтижелі атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, алдағы жоспарлармен де бөлісті.

“Бүгінде балаларды балабақшамен қамтуда өсім бар. Биыл бұл саладағы көрсеткішті жүз пайызға жеткізу көзделді. Сонымен қатар, ерекше білімді қажет ететін балалармен жұмыс та басты назарда. Облыста осындай 6 911 бала болса, оның 4 421-і мектеп жасында. Қазір 979 оқушы инклюзивтік біліммен қамтылған. Алдағы уақытта мектептер жанынан инклюзивтік кабинеттер ашу арқылы бұл көрсеткішті де арттыратын боламыз” деді Махамбет Жолдасқалиұлы.

Облыс басшысының айтуынша, былтыр 2 124 орындық 7 мектеп пен 1 саз мектебінің, 8 балабақшаның құрылысы аяқталды. Ал, биыл құрылысы жүріп жатқан 4 балабақшаның үшеуін аяқтау жоспарланды. Бес нысанға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

“Биыл ерекше күтіп отырған Оқушылар және жастар сарайының, Қызылқоға ауданы Мұқыр ауылындағы мектептің, Аққыстау ауылында жатақханасы бар кәсіптік лицейдің, Н.Тілендиев атындағы облыстық кіші өнер академиясына жалғама құрылысы және бес орта мектептің жапсаржайы аяқталады. Былтыр жыл соңында Құлсары қаласынан басталған 624 орындық N6 мектептің құрылысын келер жылы бітіру жоспарда” деді Махамбет Жолдасқалиұлы.

Бұдан басқа, Атырау қаласында Жанұялық үлгідегі балалар ауылының нысаны салынуда. Ал, Жасөспірімдер үйінің құрылысы енді басталады.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT