Биыл Атырауға Ресейден коронавирус жұқтырған 52 қазақстандық келген

(0 Votes)

Биыл «Атырау-Ресей Федерациясы» мемлекеттік шекарасындағы «Құрманғазы» санитарлық-карантиндік бекеті арқылы 52 қазақстандықтан ел аумағына коронавирус инфекциясын жұқтырып келген.

Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа қарағанда, «Құрманғазы» санитарлық-карантиндік бекеті 2020 жылғы 5 наурызда бері жұмыс істейді. Мұнда «Құрманғазы» автоөткелі арқылы ел аумағына өткен азаматтарға күн сайын мониторинг жүргізіліп отыр.

«Былтыр аталған бекеттен 46 466 адам, оның ішінде 6 334 жолаушы, 40 132 жүргізуші өтті. Оның ішінде ПТР-тест әдісімен 14 адамнан (8 жолаушы, 6 жүргізуші) коронавирус инфекциясының оң нәтиже анықталды. Ал, биылғы қаңтардан бері ел аумағына 49 155 адам, оның ішінде 8324 жаяу жүргінші, 40831 жүргізуші келді. Анықтамасы жоқ шетелдің 148 азаматына шекарадан өтуге тыйым салынды. Сондай-ақ, анықтамасыз келген 3 233 Қазақстан азаматына COVID-19 инфекциясына қарсы ПТР-тестілеу жүргізілді. Оның нәтижесінде 52 азаматтан (49 жүргізуші, 3 жолаушы) қауіпті вирустың белгісі табылоды» -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521