Биыл Аққала ауылында 90 орындық жаңа балабақша салынады

(0 Votes)

Индер ауданы Аққала ауылында 90 орындық балабақшаның құрылысы басталуда. Бұл туралы аудандық құрылыс бөлімінің басшысы Алтынбек Габдуллин мәлім етті, деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Екі қатарлы заманауи балабақшада асхана, жатын бөлме, ойын, медициналық, мұғалімдер бөлмесі, сондай-ақ логопед және психолог бөлмелері қаралған. Көлемі 1991,21 шаршы метр болатын нысан жыл соңына дейін пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.

- Қазіргі таңда облысымыздың түпкір-түпкірінде заманауи талаптарға сай, кең әрі жарық, бүкіл керек-жарағымен толыққанды жабдықталған балабақшалардың саны артып келеді. Биыл сәуір айынан бастап Аққала ауылында да жеке балабақша құрылысы басталуда. Балабақшаның жоба құны 484 млн теңгені құрайды. Ал, жоба қуаттылығы 90 орындық. Нысанға «Гранд Мастер» ЖШС мердігер мекемесі жауапты,-деді А.Габдуллин.

Оның айтуынша, аталған нысан бойынша мемлекеттік сатып алу жұмыстары аяқталып, техникалық қадағалушы мекемемен келісімшарт жасақталуда.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.

 

Әлеуметтік желілеріміз

  ZERO.kz Яндекс.Метрика