Биыл 7,4 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

(0 Votes)

2022 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 7 415 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 миллион 95,3 мың этникалық қазақ оралды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлім етті.

Жыл басынан бері Қазақстанға келген қандастардың жартысынан көбі (70,2%) Өзбекстаннан, 10,4% – Қытайдан, 7,4% – Түрікменстаннан, 3,2% – Моңғолиядан және 8,8% басқа елдерден қоныс аударған.

Келген этникалық қазақтар негізінен Алматы (31,6%), Маңғыстау (18,3%), Түркістан (9,8%) және Жамбыл (6,3%) облыстарына, сондай-ақ Алматы (5,7%), Нұр-Сұлтан (7,1%) және Шымкент (8,1%) қалаларына қоныстанды.

Осы жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 62%, еңбекке қабілетті жастан кіші қоныс аударушылар саны 24,1% және зейнеткерлер саны 13,9%.

Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінен білім деңгейі бойынша 11,4%-ы жоғары білімді, 40,3%-ы орта кәсіби білімді, 47%-ы жалпы орта білімді және 1,6%-ның білімі жоқ.

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.

 

Әлеуметтік желілеріміз

  ZERO.kz Яндекс.Метрика