Биыл 2,8 мыңға жуық ауыл тұрғыны баспаналы болады

(0 Votes)

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов ауылдағы 2,8 мыңға жуық адам жаңа баспанаға ие болатынын айтты.

«Биыл болжам бойынша 15 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі. Бұл 138 мың отбасының баспана жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді. Жалпы жыл басынан бері бұл салада оң динамика қалыптасып отыр. 5 айда 4,7 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл 39 мың отбасын жаңа баспанамен қамтуға жағдай жасайды»,  деді Үкімет басшысы бірінші кезекте тұрғын үйдің бағасын қолжетімді ету маңызды екенін еске салып.

«Енді баспана кезегінде тұрғандар үшін тұрғын үйді бөлу «бір терезе» қағидаты бойынша бір орталықтан, ашық түрде жүргізілетін болады. Оның негізгі операторы – «Отбасы банкі». Сонымен қатар, азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз етудің жаңа механизмдері әзірленді. Онда арендалық төлемді субсидиялау және ауылды жерлерде тұрғын үй салу сияқты қолдау шаралары бар. Биыл жаңа механизмдер есебінен 70 мың азаматқа үйді жалға алу үшін субсидия беру және ауылды жерлерде 2,8 мыңға жуық адамды жаңа баспанамен қамтамасыз ету жоспарланған», деді Әлихан Смайылов.

 

Egemen.kz

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT