Бірлік тұрғындарымен өткізілген жиын

(0 Votes)

2023 жылдың 17-ші сәуір күні «Ер Қосай батыр» шекара бөлімшесінің бастығы аға лейтенант Тәжібай Досжан Нұржанұлы Бірлік ауылының жергілікті тұрғындарымен өткізілген жиынға қатысты.

Жергілікті тұрғындармен жиын барысында келесідей мәселелер талқыланды:

Шекаралық белдеуге кіру, онда уақытша болу, тұру немесе жүріп-тұру және шекаралық белдеудің үстімен ұшуды жүзеге асыру;

Адамдардың Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің рұқсатынсыз шекаралық белдеуге кіруіне, онда уақытша болуына, тұруына немесе жүріп-тұруына тиым салынатындығын;

Адамдардың шекаралық белдеуге кіруі жеке басын куәландыратын құжаттары болған не оларды цифрлық құжаттар сервисі арқылы көрсеткен кезде және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі беретін арнайы рұқсаттамалары болған кезде сол үшін белгіленген орындарда жүзеге асырылатындығын;

Шекаралық аймақта уақытша болу, тұру және жүріп-тұру үшін шекаралық аймақтағы адамдар жеке басын куәландыратын құжаттарын үнемі өзімен бірге алып жүруге тиіс екендігі;

Ішкі және аумақтық суларда пайдаланылатын Қазақстандық шағын көлемді өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін (суүсті және суасты) кемелерді (құралдарды) және мұз үстімен жылжитын құралдарды Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі есепке алуға тиіс екендігі туралы таныстырды.

ҚР ӘҚБтК 510 бабы бойынша Шекара аймағында шекара режимін және жекелеген жерлерде болу тәртібін бұзу жағдайында 5 - АЕК мөлшерінде айыппұл салу; ҚР ӘҚБтК 512 бабы бойынша ҚР аумақтық суларының және ішкі суларының режимін бұзу 20 - АЕК мөлшерінде айыппұл салу; КР ӘКБтК 514 бабы бойынша ҚР Мемлекеттік шекара режимін бұзу 10 - АЕК мөлшерінде айыппұл салу арқылы заң талаптары бұзылған жағдайда әкімшілік жаза қолданылатындығын ескертті. Жеңілдетілген өткізу пунктерінен жанар-жағар май, тамақ өнімдерін өткізуге және тағы басқа тиым салынған заттарды заңсыз өткізуге болмайтынғын сонымен қатар жауапкершілікке тартылатындығы жөнінде атап өтті.

Ауыл тұрғындарының қойылған қосымша сұрақтарына жауап бері.

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT