Білім гранты конкурсына өтініш қабылдау мерзімі 22 шілдеге дейін ұзартылды

(0 Votes)

ҚазАқпарат - Талапкерлердің өтінішін ескере отырып, білім гранттары конкурсына өтінім қабылдау мерзімі 22 шілдені қоса алғанда 2 күнге ұзартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгінгі таңда шекті межеден өткен 103 мың талапкердің 80 мыңнан астамы жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиясына құжат тапсырған.

Өткен жылмен салыстырғанда 88 мың үміткер шекті деңгейден асқан болса, гранттық байқауға 77 мың адам қатысқан. Осы көрсеткішті ескере отырып, биыл 92 мың өтініш қабылданады деп күтіліп отыр.

Мемлекеттік білім грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін талапкерлерге мынадай құжаттар қажет: жеке куәлік, ҰБТ сертификаты, орта білімі туралы аттестат (ТжКБ ұйымдарының түлектері үшін диплом) және жеңілдетілген санат бойынша конкурсқа қатысу үшін растайтын құжаттар.

Медициналық анықтаманы тамыз айында университетке қабылдау кезінде тапсыру қажет.

Фото: kaz.elorda.info

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521