Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында білім саласын жаңғырту мәселесіне айрықша көңіл бөлінді. Президент сапалы білім мен білікті маман даярлау – елдің болашағының кепілі екенін нақты атап өтті.
Қазіргі заман талабына сай, мектеп пен жоғары оқу орындарының оқу бағдарламасын жетілдіру, ұстаздардың мәртебесін арттыру, заманауи технологияларды білім беру жүйесіне енгізу – бұл бағыттағы маңызды міндеттер. Сондай-ақ жас ұрпақтың ғылыми және шығармашылық әлеуетін дамыту, цифрлық сауаттылығын арттыру – еліміздің интеллектуалды әлеуетін күшейтеді.
Президенттің бастамалары білім саласындағы реформаларды жаңа деңгейге көтеріп, елімізді дамыған мемлекеттердің қатарына қосуға мүмкіндік береді. Біз, ұстаздар мен білім саласының қызметкерлері, осы мақсаттарды жүзеге асыруға өз үлесімізді қосуға дайынбыз.
Ақбота Жалғауова,
жас тілші
                                    
            
    
    							    						    												
    						
    							    						    												
    						
    							    						    												
    						
    							    						    												
    						
    							    						    												
    						
    							    						    												
    						
    							    						    												
    						
    							    						    												
    						
    							    						    												
    						
    							    						    												
    						
    							    						    												
    						
    							    						    												
    						
    							    						    												
    						
    							    						    												
    						
