Берекеден 41 жастағы азамат жоғалды

(0 Votes)

Ағымдағы жылғы 6 шілдеде сағат 12:15-те Атырау қаласының Береке шағын ауданында 1979 жылы туылған азамат А.У. Дүйсембиевтің жоғалып кеткендігі туралы хабарлама келіп түсті.

Жолдасының айтуы бойынша, 1 шілде күні сағат 22: 35-те жоғалып кеткен азамат үйден белгісіз бағытқа кетіп, қайтып оралмаған.

Қазіргі уақытта іздестіру жұмыстарын Атырау облысы ТЖД "Жедел-құтқару жасағының" 10 қызметкері, 2 бірлік техника және 1 кинологиялық есебі жүргізуде.

Егер сіз осы адамды көрсеңіз немесе ол туралы қандай да бір ақпарат болса, сізден "112" немесе 45-00-00 нөміріне қоңырау шалуыңызды сұраймыз.

Құрметті Атырау қаласының тұрғындары мен қонақтары!

Үйден шықпас бұрын, туған-туыстарыңызға қай жерге баратыныңызды және қайту уақыты туралы хабарлаңыз.

Мұндай жағдайда, егер оқыс оқиға орын алса, "жедел құтқару жасағы" тез арада іздестіруді бастай алады!

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.

 

Әлеуметтік желілеріміз

  ZERO.kz Яндекс.Метрика