Бензиннің тоннасы 214 584 теңге – министрлік жанармайдың көтерме саудадағы шекті құнын бекітпек

(0 Votes)

АИ-92 және АИ-93 маркалы бензиннің көтерме саудадағы шекті бағасы тоннасы үшін 214 584 теңге болып бекітілмек. Бұл туралы «Ашық» НҚА порталында жарияланған Энергетика министрінің бұйрық-жобасында жазылған, деп хабарайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы» ҚР Заңы 7-бабының 15-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Бағаларды мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай өнімдерін стационарлық автожанармай құю станциялары үшін көтерме саудада өткізудің шекті бағалары мұнай өңдеу зауытын жеткізу негізінде, қосылған құн салығы есебімен мынадай мөлшерде белгіленсін:

1) АИ-80 маркалы бензин – 1 тоннасы үшін 93 161 теңге;

2) АИ-92 және АИ-93 маркалы бензин – 1 тоннасы үшін 214 584 теңге;

3) дизель отыны (жазғы, маусымаралық) – 1 тоннасы үшін 284 350 теңге», - делінген бұйрық-жобасында.

Ведомство дерегінше, бұл жанар-жағармай нарығындағы бағаны тұрақтандыру мен мұнай өнімдерінің тапшылығын болдырмау мақсатында қолға алынып отыр. «Жоба жанар-жағармай құю станцияларында ресурс иелерінен мұнай өнімдерін бәсекеге қабілетті бағамен сатып алуды қамтамасыз ету, сондай-ақ жанар-жағармай нарығындағы бағаны тұрақтандыру және елдегі мұнай өнімдерінің тапшылығын болдырмау мақсатында әзірленген», - деп түсіндірме берілген бұйрыққа.

Құжат 7 сәуірге дейін көпшілік талқылауда болады. Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда бензин мен дизель отынының бағасы өсетінін хабарлап едік.

Атап айтқанда, АИ-92 және АИ-93 маркалы бензинге баға литріне 182-187 теңгеден 205 теңгеге дейін көтеріледі. Өсім – 11%. Ал, дизель отынының бағасы литріне 295 теңгеге дейін қымбаттайды. Орташа есеппен өсім – 20%. Қазір өңірге байланысты баға 230 теңгеден 260 теңгеге дейін болып тұр.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT