Бейнебақылауға түсіп қалған ұрылар ұсталды

(0 Votes)

Атырауда “Нұрсая” ықшамауданындағы көпқабатты үйдің бейнебақылау камерасына түсіп қалған видео әлеуметтік желіде желдей ескен еді.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі ұрылардың ұсталғанын хабарлады.

Жәбірленуші “102”-ге хабарласқаннан кейін қарақшыларды ізін суытпай құрықтады. Олар 1992 және 1987 жылдары туылған Атырау қаласының тұрғындары болып шықты. Бұған дейін де қылмыстық жауапкершілікке тартылған екеуі енді ҚР ҚК-нің 191-бабына сәйкес жеті жылға дейін бас бостандықтарынан айырылуы мүмкін.

Айта кетейік, бейнероликтен әйел есікті аша бергенде баспалдақтан әлдебір еркек түсіп, үй иесінің қарсылығына қарамастан, артынан пәтерге кіргенін көруге болады. Қаскүнемге әйелді аңдып келген сыбайласы көмектеседі.

Қас-қағым сәттен кейін қарақшыларды пәтерден ер адам итеріп шығарады, оған бала-шағасы көмектеседі, жанжал басталады. Қылмыскерлердің бірі дереу бой тасалаған, екіншісі әрең дегенде қашып құтылады. Видеодағы датаға қарағанда, оқиға кеше, 3 ақпан күні сағат 18:46-да болған.

“Тонауға әрекеттену фактісі тіркелді, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде”, – деп видеоға түсініктеме берді “Атырау облысы әкімдігінің” Telegram чат-каналында оblystyk jergilikti polizya өкілі.

Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі кейінірек міндетті түрде ақпарат беруге уәде етті.

atr.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521