Базалық қуаттылықты толығымен тұрақты қамтамасыз ету үшін АЭС салу керек – А. Дәрібаев

(0 Votes)

Еліміздегі электр станцияларының жағдайы қандай? Біз олардың мүмкіндіктерін тиімді пайдаланып отырмыз ба? Бүгін Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен дөңгелек үстел барысында журналистер осындай сұрақ қойды. Электр энергетикасын даму департаментінің директоры Айдос Дәрібаевтың айтуынша, бүгінде еліміздегі электр станцияларының саны 184-тен 214-ке жетті. Бұған жаңартылатын көздерді пайдаланатын электростанцияларының іске қосылуының нәтижесінде мүмкін болды.

«Станциялардың қазіргі жағдайына келсек, олар 30 жылдан астам уақыт бойы тоқтамастан қызмет етуде. Сондықтан тозу деңгейі 53% жетіп отыр. Жыл сайын қаржы жұсамасақ, жаңартпасақ, модернизация жасамасақ, бұл көрсеткіш жылдан-жылға арта береді. Айта кетейік, маневрлік режимде жұмыс істейтін станциялардың аздығына байланысты бұл станциялардың барлығын кешке максимумда толығымен пайдалана алмаймыз. Оның үстіне, станцияларда жаңартылатын көздер, оның ішінде күн энергиясын пайдаланатын электростанциялар кешкі мерзімде жұмыс істемейді. Өкінішке орай, біз олардың бар қуатын пайдалана алмаймыз. Әрине, Ресей Федерациясымен  жұмыс істеп жатырмыз, сондықтан жетпеген күш қуаттарын кешкі уақытта көрші елден алып, түнгі уақытта оны қайта қайтаруға тырысамыз», - деді спикер өз жауабында. 

Оның айтуынша, қазір елімізде 114 млрд кВт/сағ электр энергиясы өндіріледі, соның өзінде дефицитке тап болдық. 

«Жаңадан әзірленген 2035 жылға дейінгі энергобаланста экономиканың қажеттілігін қанағаттандыру үшін 152 млрд кВт/сағ электр энергиясын өндіру көзделген. Бұдан асыра алмаймыз. Оның ішінде станциялардың 70% электр қуатын көмірден алады. Париж келісімі бойынша оның зияндылығы бар. Сондықтан жаңа генерация керек, оның ішінде жаңартылған энергия көздерінен, ең бастысы, базалық қуаттылықты толығымен тұрақты қамтамасыз ету үшін АЭС салу керек», - деді Дәрібаев.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521