«Батыс» өңірлік қолбасшылығында жауынгерлік даярлықтың қарқындылығы артып келеді

(0 Votes)

Ағымдағы жылдың басынан бері «Батыс» өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімдерінде 2500-ден астам атыс жаттығулары, 1000-нан астам ұрыс машиналарын жүргізу және 80-ге жуық далалық жорықтар өткізілді.

Жауынгерлік даярлық үрдісі заманауи оқшауланған ұрыстар мен қарулы қақтығыстардың тәжірибесін ескере отырып, атыс жүргізу әдістерін жетілдіруге, тактикалық икемділікті арттыруға, әскерлерді жаңашылдыққа бейімдеуге, сондай-ақ жеке құрамның көрсеткіштерін жақсартуға бағытталған.

«Жауынгерлік дайындықтың қарқындылығын арттыру - бұл жеке құрамның жауынгерлік дайындығын жоғарылату мен кәсібилігін арттырудағы басты қағида болып табылады», - дейді Батыс өңірлік қолбасшылығының жауынгерлік дайындық жөніндегі орынбасары полковник Сұлтан Дюсембинов. Оның айтуынша, қазіргі уақытта әскери бөлімдер взводтар мен рота деңгейінде тактикалық жаттығулар жүргізуде. Оларға мотоатқыш, танк, артиллерия, зениттік, барлау бөлімшелері, сондай-ақ теңіз жаяу әскері бөлімдері қатысуда. Оқу полигондарында арнайы бөлімшелер мен материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімшелері біліктіліктерін арттыруда.
Жаттығулардың барлығы күндізгі және түнгі уақытта жүргізілуде.

ҚР ҚМ Атырау гарнизоны бойынша баспасөз қызметі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.

 

Әлеуметтік желілеріміз

  ZERO.kz Яндекс.Метрика