«Батыс» өңірлік қолбасшылығында штабтың үздік офицері анықталды

Рейтинг: 0 / 5

Атырау қаласында Ақтау, Ақтөбе және Атырау гарнизондарының әскери бөлімдері өкілдері арасында «Тактикалық деңгей штабының үздік офицері» байқауы өтті.

Офицерлер өздерінің дене дайындығының деңгейін, жалпы әскери жарғылар мен әскери топографияны білуі керек еді. Сонымен қатар, қатысушылар байланыс құралдарын пайдалану, тактикалық, жұмылдыру және арнайы дайындық бойынша сынақтар тапсырды.

- Жарыс офицерлердің кәсіби деңгейін көтеру мақсатында ұйымдастырылды. Тұрақты жаттығулар мен штабтық дайындықтың арқасында штаб офицерлерінің дайындық деңгейі жылдан жылға артып келеді», - дейді подполковник Анвар Буриев, «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының аға офцері.

Жарыс қорытындысы бойынша Атырау гарнизонының 41433 әскери бөлімінен капитан Азат Бекбусинов жеңімпаз атанды. Офицерге өңірлік әскерлер қолбасшысының ауыспалы кубогы және дипломы табысталды.

Айта кетсек, штаб – әскерлерді басқаруға арналған және олардың жауынгерлік және күнделікті қызметін реттейтін басты органы болып табылады.

ҚР ҚМ Атырау гарнизоны бойынша баспасөз қызметі
капитан Рустем Игисинов

Соңғы жаңалықтар

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

logotype

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.


Яндекс.Метрика