Баспасөз хатшысы Елбасының денсаулығы туралы айтып берді

(0 Votes)

Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай әлеуметтік желіде Нұрсұлтан Назарбаевтың денсаулығы туралы жазба қалдырды.

Оның айтуынша, соңғы күндері бұқаралық ақпарат құралдары тарапынан Елбасы денсаулығына қатысты сауал көп болған.

“Нұрсұлтан Назарбаев өзін жақсы сезініп жүр. Дәрігірлердің барлық кеңесін орындайды. Оқшаулаудан әлі шыққан жоқ. Өкінішке қарай, Қазақстанның тұңғыш президенті Жеңістің 75 жылдығына арналған парадқа қатыса алмады. Елбасы парадты тікелей эфир арқылы көрді”, – деп жазды Үкібай. Айта кетейік, бүгін Мәскеудің Қызыл алаңында Жеңістің 75 жылдығына арналған парад ұйымдастырылған болатын. Оған Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қатысты. Ал еліміздің қарулы күштерінің 36-шы десанттық-шабуылдаушы бригадасының мерекелік тобы Қызыл алаңмен жүріп өтті.

Оларды бригада командирі, подполковник Ұлан Нұрғазиев бастап шықты.

“Спутник Қазақстан”

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521