Бас редакторлар Жолдауды талқылады

(0 Votes)

Атырау облыстық бас редакторлар клубы Сафи Өтебаев университетімен бірлесе ҚР Президентінің жолдауы  аясындағы дөңгелек үстел өтті.

Оған Атырау облысындағы белді басылымдар бас редакторлары мен Нұр-Сұлтан мен Түркістан қалаларындағы БАҚ басшылары қатысып, жолдау жүктеген міндеттер төңірегінде ой бөлісті. Шараны Атырау облыстық бас редакторлар клубының төрағасы Жанай Амантурлин ашып жүргізіп, Президент жолдауын БАҚ та насихаттаудың мазмұны күн тәртібіндегі маңызды мәселе екеніне тоқталып, қара дүрсін қағидадан арылу қажет екенін баса айтты. Кездесуде Қазақстан бас редакторлары Клубының президенті, ҚР Президенті жанындағы Ұлттық құрылтай төрағасының орынбасары, ҚР Парламенті Сенаты төрағасының кеңесшісі Бибігүл Жексенбай қатысып, Жолдау жүктеген міндеттер жөнінде өз ойын білдіріп, университет пен бас редакторлар клубының аясындағы ынтымақтастығына оң баға берді.

0044eeee-c0d7-41c3-9bbd-ca7eca96b3fe

Шарада "Атырау-Ақпарат" ЖШС бас директоры Ж.Біркенов, аға журналистер И. Балмағанбетов, Т. Жаңабай, Н. Қабылов, Т. Берішбай, Мегаполис Атырау қоғамдық-саяси, жарнамалық газеттің бас редакторы Дариға Нысангалиева Жолдаудың бес бағытына назар аударып, әрбір сала туралы келелі пікірлерін ортаға салды. Қазақстан Журналистер одағы Атырау облыстық филиалының төрайымы А.Қалусариева, Құрманғазы аудандық "Серпер " газетінің бас редакторы А.Шакупова және өзге де клуб мүшелері реформалар саяси жүйемізді нығайтып, елімізді одан әрі өркендетерін сеніммен айтты.

Кездесуде сондай-ақ талқыланып жатқан БАҚ туралы заң жобасына қатысты ұсыныс-пікірлер айтылды. Журналистердің жеке мәртебесі, құқықтары қалай қорғалатыны жаңа заңда тайға таңба басқандай көрсетілуі қажеттігі айтылды.

Соңында облыстық бас редакторлар клубының төрағасы Ж.Амантурлин отырысты қорытындылап, қатысушыларға Президенттің сарабдал саясатына қолдау білдіріп, ашық пікір алмасқандары үшін алғысын білдірді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.

 

Әлеуметтік желілеріміз

  ZERO.kz Яндекс.Метрика