Бас Прокурордың Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкілмен кездесуі туралы

(0 Votes)

Бас Прокурор Берік Асылов Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиевамен кездесу өткізді.

Кездесу барысында қадағалау органының басшысы Балалар омбудсменін кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау саласындағы жұмыс және отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікті күшейтуге бағытталған заңнамалық өзгерістер туралы хабардар етті. Атап айтқанда, балалардың жыныстық қол сұғылмаушылығына қарсы қылмыстары үшін жаза күшейтілді.

Мұндай істер бойынша шартты түрде соттау және шартты түрде мерзімінен бұрын босату қолданылмайды. Тараптардың татуласуына байланысты осы санаттағы қылмыстық істерді тоқтатуға тыйым салынды.

Бұдан басқа, «Прокуратура туралы» Конституциялық заңда прокурордың кәмелетке толмағандардың мүддесі үшін тексерулер жүргізу және өтініштерді қарау жөніндегі өкілеттіктерін көздейтін новеллалар бекітілген. «Прокуратура органдары үшін балаларды қорғау әрқашан басымдыққа ие болды және болады», - деп атап өтті Бас Прокурор.

Жеке мәселе бойынша балаларға қатысты жыныстық қылмыстар туралы қылмыстық істерді тергеудің тиімділігін арттыру шаралары талқыланды. Әрбір осындай іс бойынша қылмыс тіркелген сәттен бастап әрекет ететін «ерекше қадағалау» тетігі белгіленген.

Өз кезегінде Динара Закиева балалардың, оның ішінде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтарын қорғау тетіктерін нығайту жөніндегі өз көзқарасымен бөлісті және заңнаманы жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізді. Кездесу барысында тараптар жұмыста тығыз өзара іс-қимылға дайын екендіктерін білдірді.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT