Бас прокуратураның делегациясы Түркияда өткен халықаралық конференцияға қатысты

(0 Votes)

Ағымдағы жылдың 2-4 мамыры аралығында Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының өкілдері Түркия Республикасы Стамбул қаласында өткен «Цифрландыру дәуіріндегі тиімді тергеулер» тақырыбындағы Халықаралық прокурорлар қауымдастығының 1-жалпыеуропалық өңірлік конференцияға қатысты.

Конференцияда 32 елден келген прокурорлар цифрландырудың тергеулерге әсерін талқылады, сондай-ақ әріптестер алдында тұрған проблемаларды шешу бойынша білімдерімен және тәжірибелерімен алмасты.

Сонымен қатар, Қазақстан мен Түркияның қылмыстық қудалау желісі бойынша екіжақты келісімдері шеңберінде (15.08.1995 ж. және 04.07.2013ж.) Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары Ж.Ж. Өмірәлиев Түркияның Бас Прокуроры Б. Шахинмен кездесті.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар көпжылдық ынтымақтастықтың оң динамикасын атап өтіп, оны одан әрі нығайту туралы келісті.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.

 

Әлеуметтік желілеріміз

  ZERO.kz Яндекс.Метрика