«Барыс жылы» коллекциялық монеталарының сатылымға шығатыны туралы

(0 Votes)

Қазақстан Ұлттық Банкі 2022 жылдың 25 қаңтарынан бастап интернет-дүкен жұмысы қайта жанданып, «Шығыс күнтізбесі» монеталар сериясынан «Барыс жылы» коллекциялық монеталарының сатылымға шығатынын хабарлайды.

Номиналы 500 теңгелік күміс монеталар www.kazcoins.nationalbank.kz платформасында ҚҰБ интернет-дүкені арқылы сатылады.

«Барыс жылы» монеталарының сипаттамасы:

Монеталардың аверсінде аспан әлеміндегі жұлдыздар картасында жұлдыздар шоғырының мифологиялық символы мен монета дайындалған металды, оның сынамасы мен массасын білдіретін жазу бейнеленген. Монетаны айналдыра «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ» және «REPUBLIC OF KAZAKHSTAN» деген жазулар, күннің стильдендірілген бейнесі және монетаның номиналы бейнеленген.

Монеталардың реверсінде орталық бөлігінде шығыс күнтізбесі бойынша 2022 жылдың символы – барыс бейнесі бейнеленіп, айналдыра «2022», «ШЫҒЫС КҮНТІЗБЕСІ», «ВОСТОЧНЫЙ КАЛЕНДАРЬ» және «ORIENTAL CALENDAR» жазуы бар. Ішкі жағында шығыс күнтізбесінің қалған он бір символы орналасқан.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Атырау филиалы

Ақпаратты жолдаған: Амин Арайлым Асылбекқызы – «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі»

РММ Атырау филиалының қолма-қол ақшамен жұмыс және кассалық операциялар бөлімі басшысының орынбасары

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521