banner_damu

Банкноттарды мерзімсіз айырбастауға туралы

(0 Votes)

Амин Арайлым Асылбекқызы – «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ Атырау филиалының қолма-қол ақшамен жұмыс және кассалық операциялар бөлімі басшысының орынбасары 2006 жылғы үлгідегі банкноттарды мерзімсіз айырбастауға қатысты Қазақстан Ұлттық Банкі Қолма-қол ақша айналысы департаментінің түсіндірмесі

Халықтың көптеген өтініші негізінде, сондай-ақ, халықаралық тәжірибені ескере отырып, Ұлттық Банк 2006 жылдан бастап және одан кейін шыққан банкноттарды айырбастау үшін шексіз мерзім енгізу туралы шешім қабылдады.

Жаңа банкнот шыққан жағдайда, 12 ай ішінде ескі банкнот қатар қолданыста жүреді. Басқаша айтсақ, ескі банкнот та, жаңа банкнот та заңды төлем құралы болады және оларды бір жыл бойы барлық төлем түрі бойынша қабылдауға міндетті.

Қандай да бір банкнот айналымнан шыққаннан кейін оны 3 жыл мерзім ішінде Ұлттық Банктің филиалдарынан да, екінші деңгейлі банктердің (ЕДБ) бөлімшелерінен де, «Қазпошта» АҚ кеңселерінен де айырбастап алуға болады.

Егер сіз белгілі бір себептерге байланысты айналымнан шыққан банкноттарды 3 жыл ішінде ЕДБ пен «Қазпошта» АҚ кеңселерінде айырбастай алмай қалсаңыз, онда Ұлттық Банктің филиалдары оларды мерзім бойынша шектеусіз қабылдайды.

Ұлттық Банк филиалдарының мекен-жайы мен байланыс нөмірлері біздің сайтымызда жазылған. Жаңашылдықтар 2021 жылдың 12 маусымынан бастап күшіне енеді.

2006 жылғы үлгідегі банкноттарды Атырау қаласы, Уәлиханов көшесі, 2 а мекенжайында орналасқан Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Атырау филиалы кассасынан айырбастауға болады. Телефоны: 87122556514. Кассаның жұмыс тәртібі: сағат 9:00 бастап 14:00-ге дейін, үзіліс: 12:00 ден 13:00-ге дейін.

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

logotype

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.


Яндекс.Метрика