Балық шаруашылығына қатысты түйткілдің шешімі табылады

(0 Votes)

27 ақпан 2020 жылы  Атырауда Балық шаруашылығын дамыту мәселелері жөніндегі" Үкіметтің көшпелі отырысы өтті.

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин өзі қатысты. Үкімет мүшелері министрлер: Мағзұм Мырзағалиев, Руслан Даленов, Нұрлан Ноғаев болды.

Сонымен бірге Қаржы, Ауылшаруашылығы, Цифрлық даму, Ішкі Істер, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктерінің Вице-министрлері мен орынбасарлары қатысты. Республикадағы балық шаруашылығы бірлестіктері, кәсіпорындар басшылары, облыс әкімдері орынбасарлары жиналды. Бұл Қазақстан тарихындағы Балық шаруашылығына қатысты Үкімет Басшысының қатысуы және төрағалығымен өткен ең алғашқы жиын.

Осы сала үшін айтулы оқиға. 2019 жылдың соңында Премьер-Министр Асқар Маминмен кезлесіп балық шаруашылығының ауыр жағдайын, заңнаманы, мемлекеттік қолдау тетіктерін жетілдіру және осы мәселені Үкімет отырысында қарау қажеттілігін айтқан едім.

 

Үкімет Басшысы бірден қабыл алып, оны өткізуге уәде берген. Міне сөз бен істің бірлігінің куасы болдық. Асқар Ұзақбайұлы сөзінде тұрды. Ол бұл кеңеске үлкен дайындықпен келген. Саланың қыр сырын, мәселені жан жақты зерделеген. Дайындығы бірден көрініп тұрды. Рахмет. Балық шаруашылығын дамыту жөніндегі менің көтерген ұсыныстарым түгелдей қолдау тапты.

Үкімет Басшысы нақты мерзімдерін белгілеп тапсырмалар берді. Балық саласында тың өзгерістер болады.

Бұл үлкен жетістік. Премьер-Министр Асқар Ұзақбайұлына балықшылар және өз атымнан ризашылығымды білдірдім. 

Сәрсенбай Еңсегенов,

ҚР Парламенті Сенатының депутаты

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521