Балық шаруашылығын дамытудың бағдарламасы қабылданды

(0 Votes)

Бүгін Қазақ Елі Үкіметінің 2020 жылғы соңғы отырысы өтті. Үкімет отырысына қатыстым.

Ел үшін маңызды шешімдер қаралып алынды.  Соның ішінде екі мәселені ерекше атап өтсем. Біріншіден, Балық шаруашылығын дамытудың 2030 жылға дейінгі Бағдарламасы қабылданды

Екіншіден, арнайы мемлекеттік орган - Балық шаруашылығы Комитеті құрылды. Бұл шын мәнінде экономиканың іргелі саласы балық шаруашылығының болашағы үшін тарихи күн.

Мен үшін де ерекше сәт. Сенат депутаты ретінде мен Балық шаруашылығын дамыту бағдарламасын қабылдау және арнайы өз алдына бөлек Балық шаруашылығы комитетін қүру туралы мәселені үнемі көтеріп отырғанмын. Бұл бағытта Үкімет Басшысына бірнеше рет депутаттық сұрау жолдап, хаттар жазып, Премьер-Министрмен кездесіп, министрлерде де болғанмын.

Осындай жұмыстар нәтижесінде Ел тарихында бірінші рет осы жылдың ақпан айында Атырау қаласында Үкіметтің балық шаруашылығына арналған көшпелі отырысы өтті.

Премьер-Министр Асқар Маминнің шақыруымен осы мәселені қозғаушы  Сенатор ретінде мен де осы өкімет отырысына қатысып, сөйледім. Тамыз айында Премьр-Министрмен кездесуімде де бұл мәселе пысықталған болатын.

Міне бүгін осы жұмыстардың нәтижесін көріп, оның куәсі болдым. Қуаныштымын.

Мағзұм Мырзағалиев жетекшілік жасайтын Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі ауқымды жұмыс жасады.

Маған қолдау көрсеткен сол кездегі ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы, қазырғы Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа, Сенат Төрағасы болған Дариға Нұрсұлтанқызы Назарбаеваға және әріптестерім Экс Сенаторлар мен бүгін де қызметтегі Сенаторларға ерекше ризашылығымды білдіремін.

Сөзіне сергек, уәдесіне берік Үкімет Басшысы Асқар Ұзақбайұлы Маминге рахмет айтамын.

Барша балықшылар қауымын құттықтаймын !

Балық жәй өнім емес, ол экономиканың ең бір мүмкіндігі мол, қуатты саласы. Кеңес Одағы тұсында ол осындай деңгейде болды. Бүгінгі Үкімет шешімі оның болашағына тың серпін берері сөзсіз.

Сәрсенбай Еңсегенов

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521